Атырау, 18 сәуір 21:28
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық қашан жүргізілетіні белгілі болды

2 210 просмотра

Бүгін ҚР Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық қашан жүргізілетінін айтты.

"Тұңғыш Президент – Елбасы жеке тұлғалар өздерінің салықтар бойынша борышының негізгі сомасын төлеген жағдайда, өсімпұлдарын есептен шығарып, олар үшін салықтық рақымшылық жүргізуді Үкіметке тапсырғанын барлығыңыз білесіздер. Бүгінгі таңда салықтық рақымшылық жүргізуді көздейтін тиісті заңға Мемлекет басшысы қол қойды және ол 5 шілдеде ресми жарияланды. Яғни 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Салықтық рақымшылық жүргізу қағидалары Қаржы министрінің бұйрығымен бекітіледі және жақын арада барлық аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің назарына жеткізіледі" , - деді Қанат Баеділов Үкімет үйінде өткен брифингте.

Вице-министрдің мәліметінше, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,4 млн жеке тұлғаның жалпы сомасы 20,9 млрд теңгені құрайтын салықтық берешегі болған, оның ішінде негізгі борыш - 14,3 млрд теңге, есептелген өсімпұлдар – 6,6 млрд теңге.

Дереккөз: BAQ.KZ

12 шілде 2019, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.