Атырау, 28 ақпан 09:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Қорғаныс министрі Отардағы оқ-дәрілердің сақталу шарттарын тексерді

2 555 рет қаралды

Сурет ҚР Қорғаныс министрлігі сайтынан алынды

Гвардейск гарнизонындағы жұмысы сапары аясында генерал-майор Нұрлан Ермекбаев оқ-дәрілердің сақталуы шарттары мен тәртібін, жеке құрамның өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселелерін тексерді.

Әскери ведомство басшысы зымырандар мен оқ-дәрілерді сақтау мен сақталуы тәртібі, қару-жарақ, әскери және арнайы техниканың жабдықталуы мен жай-күйі, сондай-ақ өзге де материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі туралы лауазымды адамдардың баяндамасын тыңдады. Қойманы тексеру нәтижелері бойынша оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау жөніндегі нысанның қауіпсіздік деңгейін арттыру, әскери қызметшілердің өртке және диверсияға қарсы қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтауы жөнінде нақты тапсырмалар айқындалды.

Дереккөз: Mod.gov.kz

12 шілде 2019, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.