Атырау, 20 сәуір 14:40
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жамбыл облысында полицейді өлтіріп, өртеп жіберді – оқиғаның мән-жайы

2 895 просмотра


Жамбыл облысында полицейдің денесі табылды. Бұл ақпаратты өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

5 шілде күні Шу ауданында ер адамның күйген денесі табылды.

"Қаза тапқан адамның аты-жөні анықталды. Ол полиция қызметкері", - деп хабарлады полиция департаментіндегілер.

Ол 2019 жылдың 16 мамырынан бастап денсаулық жағдайына  байланысты демалыс алған. Хирургиялық операция жасауы тиіс болатын.

Қылмыстың бетін ашу үшін жедел тергеу тобы құрылды. Оған ішкі істер министрлігі мен облыстық полиция департаментінің тәжірибелі мамандары енген.

 ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 Бұл іс ІІМ ерекше бақылауына алынды.

 Дереккөз: Sputniknews.kz

 

11 шілде 2019, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.