Атырау, 24 желтоқсан 08:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Арыстағы қойманы әдейі өртеуі мүмкін деген нұсқа да қарастырылады - Қорғаныс министрі

2 438 рет қаралды


Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, Арыстағы әскери қару-жарақ қоймасын әдейі өртеуі мүмкін деген нұсқа да қарастылып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Ықтимал барлық нұсқалар қарастырылады: бұлар адами фактор, өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы, немқұрайлылық, техникалық себептер, мысалы, электр тоғының қысқа тұйықталуы, зарядтың химиялық реакциясы, әдейі өртеу немесе диверсия нұсқасы да тексеріледі. Тергеу нәтижесі бойынша әр лауазымды тұлғаның жауапкершілігі анықталады", - деді Ермекбаев ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

10 шілде 2019, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.