Атырау, 24 желтоқсан 08:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстанда жаңа баспана қымбаттады

2 663 рет қаралды


Қазақстанда 2019 жылдың маусым айында жаңа баспананың шаршы метрінің бағасы орта есеппен 282 мың 530 теңгені құрап, өткен айдағы көрсеткіштен 0,1%-ға артты.

Баспана бағасы 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4%-ға, былтырғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 3,1% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Қайта сатылатын абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрі маусым айында орташа 193 мың 188 теңге (мамыр айымен салыстырғанда 0,5%, 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4%, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,9% өскен), абаттандырылмаған баспана құны 120 мың 419 теңге (+0,6%, +1,8% және +2,9%) болды. Жалға берілетін абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрінің бағасы өткен айда орташа 1 436 теңгені құрады (+0,3%, +2,6% және +7,5%).

Дереккөз: inform.kz

10 шілде 2019, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.