Атырау, 26 желтоқсан 01:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Аслан Мусин неміс клиникасында тексеруден өтуде

3 970 просмотра

Есеп комитетінің қабылдау бөлмесіндегілер Азаттық радиосына Аслан Мусиннің еңбек демалысында екендігін хабарлап, оның Еуропаға қашқандығы туралы оппозициялық газеттің ақпаратын теріске шығарды, деп жазады nur.kz.

Бейсенбі күні, қазанның 11-і күні Азаттық тілшісі есеп комитетінің қабылдау бөлмесіне телефон шалып, осы ұйымның жетекшісі, Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің қайда екенін білмек болыпты. Сонымен бірге тілші оппозициялық "Республика" газетінің "шенеунік Еуропаға қашты" деген мәліметі туралы ақпарат алғысы келді.

Комитеттің аппарат жетекшісі Виктор Супрун  Аслан Мусиннің президент әкімшілігінің келісімі бойынша демалыста екенін, «Республика» сайтында жарияланған «оның қашуына» қатысты мәлімет шындыққа жанаспайтынын жеткізді. 

12 қазанда, таңертең Есеп палатасының баспасөз қызметі өз басшысының қай жерде екендігі туралы ресми ақпарат таратты.

«Есеп комитетінің Төрағасы Аслан Мусин ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін кезектi жыл сайынғы еңбек демалысында болады, қазiргі уақытта ол Германияда дәрiгерлiк тексеруден өтуде», - делінген баспасөз релизінде.

Осы аптада бірқатар БАҚ-тар Мусиннің отбасымен – жұбайымен және үш баласымен шетелге кетіп қалғанын хабарлаған болатын.

Дереккөз:azattyq.org

12 қазан 2012, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.