Атырау, 28 ақпан 10:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

«Британ кварталындағы» өрттің шығу себебі анықталды

2 651 рет қаралды


ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Британ кварталындағы өрттің шығу себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Британ кварталындағы өрттің себебі - өрттен сақтандыру  жұмыстарын жүргізуде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау болып отыр. «BI Servis» ЖШС жұмысшылары үй шатырына жөндеу жасаған», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. Оның айтуынша, үйдегі өрт сөндіру жүйесі жұмыс істейді, брақ, шатырға орнатылмаған.

Айта кетейік, осыған дейін елордадағы элиталық үйлердің бірі - «Британ кварталында» өрт шықандығы туралы жазылған болатын. Өрт Алматы ауданының Сарқырама қиылысындағы 6 қабатты үйден шыққан. Оқиға туралы ақпарат кешкі сағат 19.39-да түскен. 

Өрт сөндірушілер келіп жеткенде шатырдағы қызыл жалын шамамен 100 шаршы метр аумақты қамтып үлгерген. Үй тұрғындары төтенше жағдайлар саласының өкілдері келіп жеткенше өз бетінше қауіпсіз жерге эвакуацияланған.

Дереккөз: inform.kz

10 шілде 2019, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.