Атырау, 24 желтоқсан 08:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​6 шілдедегі митингіде 100-ден аса адам ұсталды - ІІМ

2 504 рет қаралды


6 шілдеде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында санкцияланбаған митингке шыққан 100-ден аса адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"6 шілдеде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингке шыққан 100-ден аса адам ұсталды, 44 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 19-ы әкімшілік қамауға алынды, тағы 23 адамға айыппұл салынды, қалғандарымен әңгіме жүргізіліп, үйіне жіберілді", - деді Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін кулуарда.  

Айта кетейік, 6 шілдеде, мереке күні, Нұрсұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұшырады. Олардың кейбіреулері басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, Құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады7

Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдағаны айтылады. Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімшелеріне жеткізілген. Жеке тұлғалардан түтін шашкалары мен травмат қаруы тәркіленген. 

"Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша дұрыс жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ", - деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

9 шілде 2019, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.