Атырау, 24 желтоқсан 08:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Могерини: Қазақстан адамдардың бейбіт митингіге шығу құқығын бұзбауы тиіс

2 423 рет қаралды

Еуроодақтың шетел істері және қауіпсіздік саясат бойынша жоғарғы өкілі Федерика Могерини

Еуропа одағының шетел істері және қауіпсіздік саясат бойынша жоғарғы өкілі Федерика Могерини Орталық Азияға демократиялық өзгерістерді толық орнату "қиындау процесс" деп, бірақ жағдай жақсарып келе жатқанын айтты, деп хабарлады Азаттық.

Могерини 7 шілдеде Бішкекте Азаттыққа берген сұхбатында Орталық Азия елдері осы аймаққа ықпал етуге таласып жатқан Еуропа одағы, АҚШ, Ресей, Қытаймен еркін қарым-қатынас орната алатынын жеткізді. ЕО өкілі Бішкекке сыртқы істер министрлерінің "Еуропа Одағы - Орталық Азия" форумына қатысуға келген.

Бішкектегі форум Қазақстанда билікке қарсы наразылық шарасына келгендерді жаппай ұстау кезінде, Қырғызстандағы саяси тартыс күшейген тұста болды.

Могерини Азаттықтың 6 шілде күнгі Қазақстанда билікке қарсы наразылық шарасы кезінде адамдарды жаппай ұстау туралы сұрағына "бұл мәселе жиі көтерілетінін" айтты. Оның сөзінше, ЕО Қазақстанды және аймақтағы басқа елдерді адам құқығы мен сөз бостандығын қорғауға, бейбіт митингіге шығу құқығын бұзбауға шақырады.

"Адам құқықтарын қорғау инвестиция тартуға, елдің халықаралық аренадағы беделінің көтерілуіне септігін тигізеді" деді ол.

6 шілдеде Қазақстанның бірнеше қаласында полиция ҚДТ қозғалысының (елде қызметіне тыйым салынған) жетекшісі Мұхтар Әблязов митингіге шақырған жерге келген жүздеген адамды жаппай ұстады. Полиция адамдарды ұстау кезінде күш қолданды. 6 шілде күні нақты қанша адамның ұсталғаны белгісіз. Елдің ішкі істер министрлігі нақты қанша адамның ұсталғанын айтпады, бірақ ведомство полиция адамдарды ұстағанда өздерін "заңға сай әрекет етіп, арнайы құралдар қолданбағанын" мәлімдеді.

Дереккөз: azattyq.org

8 шілде 2019, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.