Атырау, 25 қаңтар 05:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Түркістан облысы аумағында өрт болды

2 910 рет қаралды


Түркістан облысы аумағына орналасқан №2020 әскери бөліміне тақау  жерде өрт болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 шілде күні сағат 21:02-де өртке қарсы қызмет пультіне Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласынан 120  шақырым жерде,  №2020 әскери бөліміне тақау маңда құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері қабылдаған шаралардың арқасында сағат 22:35- те қызыл жалынның алды алынып,  22-57-де толық сөндірілді. Өрт шарпыған аумақ үш гектарды құрады.  Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», -  деп атап өтеді комитеттен. Ведомство мәліметінше, өртті сөндіруге Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 22  маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды. 

Дереккөз: inform.kz


7 шілде 2019, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.