Атырау, 24 желтоқсан 08:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы заңсыз митингілерге қатысушылардан қару табылды - ІІМ

2 977 рет қаралды


Алматы мен Нұр-Сұлтандағы заңсыз митингілерге қатысушы кейбір адамдардан түтіндету құтысы мен қару табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"6 шілдеде, мереке күні, Нұрсұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұшырады. Олардың кейбіреулері басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, Құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады", - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдағаны айтылады. Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімшелеріне жеткізілген. Жеке тұлғалардан түтін шашкалары мен травмат қаруы тәркіленген. 

"Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша дұрыс жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ", - деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 шілде 2019, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.