
Қазақстан 6 шілдеде мемлекеттік мереке - Елорда күнін тойлап жатыр. Еліміздің бас қаласы 21-ге толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл Астана 21-ші рет туған күнін тойлап отыр. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен "әлем қаласы" атағын алған. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Сонымен қатар, бұл күн Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келеді, Елбасы биыл 79 жасқа толып отыр.
Айта кетейік, биыл 20 наурызда Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елордаға Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы ұсынысы қаралып, Кезектен тыс сессияға қатысқан мәслихат депутаттары бір ауыздан қала атауының өзгертуін қолдап дауыс берген еді.
Дереккөз: Tengrinews.kz
В Атырау 0