Атырау, 24 желтоқсан 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Мемлекеттік ту көтерілді: Елорда күнін тойлау басталды

2 765 рет қаралды


Елордада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан орталығында көтерілген мемлекеттік ту Елорда күнін атап өту шараларының басталғанын білдіреді.

"Егемен еліміздің бейбіт аспанында желбіреген көк туымыз – бүгінгі күннің баға жетпес байлығы. "Туған жерге туыңды тік" деген даналықтың мән-мағынасы осында. Себебі біз қасиетті топырағын қадір тұтатын, туын әрқашан биік ұстайтын елміз. Елорда күні қарсаңында салтанатты ту көтеру рәсімі өздерің сияқты ел қорғаны болатын азаматтардың алдында өтіп жатыр", - деді Тоқаев өз сөзінде.

Сонымен қатар шара барысында мемлекет басшысы еліміздегі әскери жоғары оқу орындарын бітірген курсанттарға әскери шендер мен атақтар тапсырды.

3 күн тойланатын мереке барысында шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени іс-шаралар өтеді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

 

5 шілде 2019, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.