Атырау, 24 желтоқсан 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысын ашты

2 779 рет қаралды


Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші жалпы отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Адам капиталын дамыту» тақырыбында өтіп жатқан шараға еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин және ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, ұлттық және ірі трансұлттық компаниялардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Отырыста ҚР Сыртқы істер министрі Б.Атамқұлов кеңестің 31-ші пленарлық мәжілісінің хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп береді. Мұнан бөлек, ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Асанов, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Агрис Приишимис сөз сөйлейді деп күтілуде. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық тараптан кеңестің құрамына ел Үкіметінің мүшелері,«Бәйтерек» ҰБХ »АҚ және « Атамекен» АҚ басшылары, сондай-ақ 32 ірі трансұлттық шетелдік компания мен халықаралық ұйым басшылары, 5 шетелдік бақылаушы қатысты. 

Дереккөз: inform.kz

4 шілде 2019, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.