Атырау, 24 желтоқсан 06:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Әдейі өрт қоюы мүмкін – қорғаныс министрі Арыстағы жарылыстар туралы

2 329 рет қаралды


Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласындағы жарылыстың себептерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Салғырттық болуы мүмкін. Тез жанатын заттардың тұтануы, электр сымдардың тұйықталуы, тіпті әдейі өрт қоюы да мүмкін. Бүгінде біз бірде-бір себепті жоққа шығармаймыз. Сондықтан арнайы тергеу тобының жұмысы өз нәтижесін береді деген сенім бар", - деді Ермекбаев журналистерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, тергеу амалдары бір айдың ішінде аяқталуы қажет. Соның нәтижесінде кінәлі адамдар қатаң жазаға тартылады.

"Осы оқиға үшін кінәлі адамдар қатаң жазаланады. Оларды ешкім жасырмайды. Бірақ тағы бір мәрте айта кетейін, әскери азаматтар өз міндеттерін атқарды", - дейді Ермекбаев.

Оның сөзіне қарағанда, екі аптаның ішінде Арыстағы әскери арсеналды басқа жерге көшіру жұмыстары басталады. Ал осы оқиғадан кейін барлық әскери бөлімде тағы бір тексеру жүргізіледі.

"Негізі, ондай тексерістер тұрақты түрде жүргізіледі. Арыста да бірнеше тексеріс болды. Сол кезде біршама кемшілік анықталған. Бірақ басым бөлігі жойылды. Соған қарамастан, мен барлық гарнизон бойынша тағы бір тексерісті өткізуді ұйғардым. Негізгі мақсат – елді мекендерге жақын жерлерде артиллериялық снарядтарды қалдырмау. Ондай жерлерде тек күзетке арналған оқ-дәрілер ғана қалады", - деді Ермекбаев.

Дереккөз: Sputniknews.kz

4 шілде 2019, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.