Атырау, 24 желтоқсан 06:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Білім вице-министрі Суханбердиеваның соты басталды

2 657 рет қаралды


Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 Есіл аудандық сотында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның соты басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сот кабинеті" жүйесіндегі мәліметке сүйенсек, елорданың №3 мектеп-гимназиясының директоры Елена Шеверняева да вице-министрдің ісіне қатысты тергеліп жатыр.

Эльмира Суханбердиеваның ісі 2 шілдеде басталып, сол күні судьяның қарауына берілді. Сотта судья Бақытжан Есенов төрағалық етеді.

Маусым айында білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қызметін асыра пайдаланды, пара алды, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікке ілінді. Шенеунік 2 тамызға дейін қамауға алынған болатын.

Оған дейін мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұловты ұстап, ол сотқа дейінгі тергеулер біткенше қамауға алынды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

3 шілде 2019, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.