Атырау, 24 желтоқсан 06:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Мәжіліс Украинамен арада экстрадициялауға қатысты құжатты жұмысқа алды

2 008 рет қаралды


Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Аталған шарт 2018 жылғы 29 қазанда елордада бекітілген. 

«Шартқа сәйкес тараптар бір-біріне олардың аумағында жүрген іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беруге әкелетін қылмыстар үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе сот үкімін орындау үшін ұстап беруге міндеттенеді. Шартты ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады. Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылғы 27 мамырға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын»,-деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров. 

Сонымен қатар, палата депутаттары осыдан басқа бірнеше заң жобасы бойынша жұмысты бастады. Олардың арасында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қымыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификацияау туралы» заң жобасы, «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бар.

Дереккөз: inform.kz

3 шілде 2019, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.