Атырау, 28 ақпан 10:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Арыста үйіліп жатқан оқ-дәрі: министрлік желіде тараған видеоға түсініктеме берді

Бейнежазба
2 589 рет қаралды


Қорғаныс министрлігі Арыс қаласында үйіліп жатқан оқ-дәрілердің видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputniк Қазақстан.

Министрлік мәлімдегендей, видеодағы снарядтардың қалдығы тұрғындарға қауіп төндірмейді.

"Оқ-дәрі қалдықтары жарылмайды. Олар әскери қару-жарақ қалдықтары жойылатын жерде, территория қорғауға алынған. Бұл жердегі оқ-дәрілер қауіпті емес", - деп сендірді қорғаныс министрлігі.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Арыс қаласындағы жарылыстан кейін жиналған оқ-дәрілердің видеосы тараған болатын. Қорғаныс ведомствосы бұл жайтқа қатысты қызметтік тексерісті қолға алыпты, себебі қорғауға алынған нысан видеоға түсірілген.

Қазір Арыста оқ-дәріден тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Қала тұрғындарына оқ-дәрілерді жою кезінде жарылыс үні естілетіні ескертіліп, тиісті мәлімет берілген.

Дереккөз: sputniknews.kz

2 шілде 2019, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.