Атырау, 24 желтоқсан 04:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Арыстың үш тұрғыны "жалған хабар таратқан" деген күдікке ілінді

2 599 рет қаралды


Арыстағы жарылыстан кейін әлеуметтік желіде "жалған хабар таратты" деген күдікпен алты адам ұсталған. Түркістан облыстық полиция департаментінің 2 шілде күні таратқан ақпаратында күдікті үш адамның ісі бойынша тергеу жұмыстары басталып, тағы үш азаматтың "профилактикалық әңгімеден" кейін босатылғаны айтылған.

"Үш адамға қатысты Қылмыстық кодекстің "көрнеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды" деп хабарлады полиция департаменті баспасөз қызметі.

Арыстағы жарылыстан кейін әлеуметтік желіде оқиға салдарынан қайтыс болғандар көп болуы мүмкін екені жайлы хабарламалар тараған. Билік "көп кісі қаза болған" деген ақпаратты жоққа шығарған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

2 шілде 2019, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.