Атырау, 25 қаңтар 07:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлады

2 564 рет қаралды


Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлады: бір адам зардап шеккен. Оның видеосы Instagram желісінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Саин - Райымбек даңғылдарының қиылысындағы жолайрықта болған. Қазір оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр. Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оң қолы ауыратынын айтып бір адам медициналық көмекке жүгінген. «Түркістан облысының тұрғыны №7 қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. Оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Қазір ол амбулаторлық емдеуге жіберілді», - дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев. 

Дереккөз: inform.kz

1 шілде 2019, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.