Атырау, 24 желтоқсан 04:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

"Төтенше жағдай кезінде қыдырып жүр": Арысқа көшкен Шөкеев кімге шүйлікті?

3 694 рет қаралды


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласына көшті. Ол бір ай бойы қаланы қалпына келтіру жұмыстарын бақылайтын болады. Бұл туралы әкім қаладағы апта сайынғы аппарат отырысы кезінде айтты.

"Әрбір үйді қалпына келтіруге жауап беретін әкімнің орынбасарлары қайда? Мен осында бір ай тұрамын. Сондықтан бәрі осында болуы тиіс", - деді Шөкеев. Әкімнің айтқан сөзімен оның кеңесшісі Сәкен Қалқаманов бөлісті.

Жиын кезінде Шөкеев кейбір адамдардың Арысқа келмегені туралы да айтты.

"Әкім орынбасары да жоқ... Ол төтенше жағдай кезінде қыдырып жүр. Мұны премьер-министрге хабарлайтын боламыз... ", - деді Шөкеев.

Облыс әкімі штабтардың маңында арнайы белгілерді орнатып, барлық деңгейдегі жергілікті билік өкілдерінің байланыс телефонын көрсету керек екенін айтты.

"Облыс және аудан әкімдері орынбасарларының телефондары көрсетілуі тиіс. Бұл телефондар тәулік бойы қосулы болсын", - деді Шөкеев.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

1 шілде 2019, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.