Атырау, 24 желтоқсан 18:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды

6 796 рет қаралды


Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Көшербаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын»,- делінген Жарлықтың мәтінінде. 

Көшербаев Қырымбек Елеуұлы 20 мамыр 1955 жылы, Қазалы қаласы, Қызылорда облысында дүниеге келген, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, 17.01.2013 жылдан бастап Қызылорда облысының әкімі болды, инженер-құрылысшы, философия ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы.

Қырымбек Көшербаев Қазақстанның білім, денсаулық және спорт саласындағы министрліктерді, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын басқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде қызмет етті.


 

28 маусым 2019, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.