Атырау, 24 желтоқсан 06:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Арыс тұрғындары өз үйлеріне қайта бастады

3 105 рет қаралды


Арыс қаласының тұрғындары таң ата сала өз үйлеріне аттанып жатыр. Тұрғындарды автобуспен тасымалдау жұмыстарын Шымкент басшылығы ұйымдастырды – адамдар таңғы сағат 6-дан бастап қалаға жолға шыға бастады, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.  

Кеше Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеев хабарлағандай, қала снарядтардан тазартылды.

"Қала 17 секторға бөлінді, әрқайсына облыстың аудандары мен қалаларының әкімдіктері бекітілді. 640 жауапты маман – әр үйге біреуден бөлінді. Тұрғындарды қоныстандыру кезінде олар көмектеседі", - деп атап өтті өңір басшысы.

Жергілікті биліктің айтуынша, Арыстағы жағдай толығымен бақылауға алынды. Өрт ошақтары сөндірілді. Алаңдауға негіз жоқ. "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік қорының шотына бүгінге дейін 721 миллион теңге түсті. Гуманитарлық көмек жинау және тарату штабы жұмыс істеп жатыр. Ауқымды қайырымдылық акциясы барысында мұнда 150 тонна азық-түлік жиналды. Азық-түлік пен киім-кешек Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарынан жеткізілді.

"Мемлекет арыстықтарға жан жақты көмек көрсетеді, –  деп атап өтті әкім. – Біздің мамандар зақымдалған нысандарды фото және видеоға түсіріп, шығынды өтейді".

Сонымен қатар, тұрғындардың үйлерін қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірінен 160 арнайы бригада келеді – әрбір облысқа бір сектордан келеді.

Дереккөз: sputniknews.kz

28 маусым 2019, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.