Атырау, 29 наурыз 05:23
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Шөкеев наразыларға: Сіздерге Арыста үй салып береміз

1 890 просмотра


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыста жарылыс болған соң Шымкентке жетіп, орталық мешіт маңында үш күн паналаған соң наразылық білдірген тұрғындармен кездесті.

27 маусым күні 11.00 шамасынан бастап жүздеген арыстық наразылық білдіріп, "Ақмешіт" мешіті алдындағы Темірлан көшесін жапқан. Әскери қоймаға жақын тұрған қаладағы жарылыстан соң елдімекеннің "тұруға жарамсыз болып қалғанын", қару тараған қалада тұруға "қорқатындарын" айтып, басқа жерден баспана беруді сұрағандарға Шөкеев "Арыс тұрғындарына радиация қаупі жоқ" деді.

"Арыста ешқандай радиация жоқ. Сіздерге [Арыста] үй салып береді. Оны сатасыздар ма, жоқ па - сосын өздеріңіз шешесіздер" деді облыс әкімі.

Шөкеев пен наразылардың кездесуі Шымкенттің орталық "Ақмешіт" мешітінде өтті. Азаматтар облыс әкіміне талаптарын айтып, мешіт іші шулап кеткен соң мешіт қызметкері азан шақырған.

Мұнан соң екі әкімнің - Шөкеев пен Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың наразылармен кездесуді мешіт ішінде өткізіп жатқанына наразылар полиция қоршауын бұзып, қала орталығына бет алды. Шерулетіп бара жатқандардың бірі "[әкімдер] халықты құран оқып басып тастап жатыр, талабымызды алаңда айтамыз" дейді.

Наразылар "өздерін төрт рет жарылыс болған қаладан басқа жаққа көшіруді, жер беруді" деп талап етті. Арыстықтар қалаларының "тұруға жарамай қалғанын, өздерінің үйлеріне қайтпайтынын" айтады. Олар "қалаға тарап кеткен қарудан қорқып отырмыз" дейді. Наразылар сөзінше, Арыста "ит-құс пен малдың өлген, ауа ластанған, демалу мүмкін емес".

Дереккөз: Азаттық радиосы

27 маусым 2019, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.