Атырау, 24 желтоқсан 05:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Кредиттер мен өсімақыларды кешіруге 105 млрд теңге жұмсалады

2 479 рет қаралды


Несиелерді жабуға байланысты барлық процедураларға кемінде екі ай уақыт қажет болады. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың төлей алмай отырған кредиттерін, сондай-ақ кепілсіз кредиттерді кешіру үшін шамамен 105 млрд теңге қажет болады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Қазақстанның қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Кепілсіз тұтынушылық несиелерді өтеу сомасына келсек, шамамен 105 млрд теңге қажет болады. Оның 88,5 млрд теңгесін республикалық бюджеттен бөлеміз, - деді Смайылов.

Шамамен 17 млрд теңге проблемалық кредиттер қорынан арнайы облигациялар шығару арқылы тартылмақ.

- Өсімақылар мен айыппұлдардың 70 пайызы банктердің өз есебінен жабылады, - деп нақтылады министр.

Жалпы алғанда, кредиттік амнистия шамамен 500 мың адамға жасалмақ. Тұтынушылық несиесі бар 250 азаматтың қарызы толықтай кешіріледі.

Дереккөз: zakon.kz

27 маусым 2019, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.