Атырау, 25 сәуір 08:42
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бір күнде үш қылмыстық іс: Шымкентте бомба туралы хабарлаған әйелдер ұсталды

2 530 просмотра


Шымкенттік тәртіп сақшылары қуатты бомба жарылысы болатындығы туралы жалған ақпарат таратқан екі әйелді ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер органдары ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 247-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Соңғы тәулікте аталған бап бойынша үш қылмыстық іс қозғалған. «ҚР ІІМ тұрғындарды  әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеуді және үрейге бой алдырмауды сұрайды. Ресми ақпарат тұрақты түрде арнайы құрылған жедел штаб арқылы таралады», - деп хабарлады ведомстводан. Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында қаза болған адамдардың саны  үшеу екенін ресми түрде растап отыр. Хабарланғандай, көз жұмғандар саны бұдан да көптігі туралы әлеуметтік желіде тараған ақпарат - жалған.  «Егер де азаматтар зардап шеккен адамдар туралы қандай да бір қосымша деректерге ие болса, ресми түрде Ішкі істер министрлігіне шағымдануға шақырамыз», - деді ІІМ-нен. 

Дереккөз: inform.kz

27 маусым 2019, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.