Атырау, 29 наурыз 13:54
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Шымкентте белгісіз біреулер Vlast тілшілеріне шабуыл жасаған

Бейнежазба
2 365 просмотра


Белгісіз адамдар Vласть басылымының журналистері Қанат Бейсекеев пен Әділет Әбішке шабуыл жасады. Оқиға Арыс тұрғындарына арналған эвакуация пунктерінің бірінде, Шымкенттің орталығындағы "Ақ мешітте" видеорепортаж жасап жүргенде болған, - деп хабарлайыды Tengrinews.kz тілшісі.  

Қанат Бейсекеевтің айтуынша, оларды бір топ қоршап алған. Олардың қатарында Арыста зардап шеккендер мен еріктілер де болған. Бұзақылар БАҚ өкілдерін соққыға жығып, техникасын бүлдірген.  Жақын маңдағы кезекші полицейлер араласпағанда, бұл қақтығыстың неге жететіні белгісіз еді. Олар журналистерді ортадан шығарып алып, көлікке отырғызған. 

 "Қазір барлығы қалыпты. Бұл адамдардың кім екенін анықтағым келмейді. 50-ге жуық адам болды. Олар жай ғана ашуын менен алды. Мүмкін, мен олар сияқты көрінбеген шығармын. Бізге көмектескісі келгендер де болды, қорғауға тырысты (...)", - дейді Қанат Бейсекеев. Журналист полицияға арыз жазбайтын болды. "Маған мұның қажеті жоқ. Жай ғана үйге қайтып кеткім келеді", - деді ол. 


Шымкент полицейлері мен қала және облыс әкімшілігі болған оқиға туралы хабардар.  Қанат Бейсекеев - деректі фильм түсіретін танымал режиссер. Оның жұмыстарының ішінде - Нұрлан Сабуров жайлы фильм, АҚШ-тағы Qazaq boks stıli қазақстандық боксшылар туралы лентасы бар. 2018 жылдың маусымында ол Иранда ұсталып қалған.

Дереккөз: tengrinews.kz

26 маусым 2019, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.