Атырау, 21 шілде 18:28
Түнде бұлыңғыр болады+27, таңертең +24
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 384.39  € 431.71  P 6.11

Министр Абаев: Қазақстанда сөз бостандығы мүшкіл халде емес

25 маусым 17:25


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстандағы сөз бостандығына баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр сөз бостандығы жеке-дара талқылауды қажет ететін жақсы тақырып екенін атап өтті. Абаев, ең алдымен, сөз бостандығы рейтингісіне тоқталды.

"Мен сөз бостандығы рейтингісі бойынша бізден озатын елдерді мұқият зерделеп шықтым. Көптеген елде журналистердің ізіне түсіп, құқықтары әжептәуір шектеледі. Ал Қазақстанда сөз бостандығы мүшкіл халде емес", - деді Абаев халыққа есеп беру кездесуінде.

Ол сөз бостандығын дамыту мәселесі жан-жақтылықты қажет ететінін атап өтті.

"Біз жағымды, заңнамалық дүниелерден бастауымыз керек. Бірақ бұл бағытта маңызды қадамдар жасалды. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заң қабылданды", - деді ведомство басшысы.

Министр журналистерге ешкім жоғарыдан өзін қалай ұстап, не жазып, не сөйлеу керектігін үйретпейтініне сендірді.

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

416 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4