Атырау, 16 сәуір 21:32
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Арыста жарылыс қаупі әлі сақталып отыр – ІІМ

2 377 просмотра


Қазіргі уақытта Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында жарылыстар тоқтады. Алайда жарылыс қаупі әлі де сақталып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 "25 маусым күні сағат 12:00-дегі жағдай бойынша әскери бөлім аумағында жарылыс тіркеліп жатқан жоқ. Ішкі істер министрлігінің күштері мен техникалары – 1200-ден аса адам мен 180-ден астам техника оқиға орнында қалды. Кеше және бүгін түнде тұрғын үй секторындағы өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Ильин брифингте.

Айтуынша, кешеден бері 45 өрт ауыздықталған: оның 21-і – тұрғын үйлерде, 9-ы – шаруашылық нысандары мен 15-і – дала өрті.

"Жарылыс қаупі әлі де сақталып отыр. Бірақ оның ауқымы бірінші күндегідей болмайды деп ойлаймын", - деді ол.

Түркістан облысының полиция департаменті мен Ұлттық ұлан бөлімшелерінің күштері қала ішін патрульдеуге кірісті.

Дереккөз: Sputniknews.kz

 

25 маусым 2019, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.