Атырау, 26 сәуір 17:02
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді

2 527 просмотра


Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 "34 адам Ордабасы аудандық орталық ауруханасының дәрігерлер көмегіне жүгінді. Олардың барлығы тексерілді", - деп хабарлады ведомство өкілдері. Арыстағы төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылды 

Қазіргі уақытта Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден аса науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды", - делінген хабарламада.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 маусым 2019, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.