Атырау, 9 шілде 19:38
 дождьВ Атырау +23.3
$ 467.98
€ 533.87
₽ 6.11

Тоқаев Арыс қаласындағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

3 319 рет қаралды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.  

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ - Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстар жайлы "Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласындағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет", - деп жазды Президент. 

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 маусым 2019, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.