Атырау, 24 желтоқсан 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ - Қорғаныс министрлігі

2 851 рет қаралды


Қорғаныс министрлігінің өкілдері Арыстағы жарылыстарға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"24 маусымда Түркістан облысының Арыс қаласының маңында орналасқан ҚР ҚК арсеналдарының бірінде оқ-дәрілер сақталған ғимараттан өрт шықты. Қазіргі уақытта қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберді, Қарулы Күштер жеке құрамының күші апат салдарын жою және азайту бойынша іс-шаралар ұйымдастырып жатыр", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр.  

Дереккөз: tengrinews.kz

24 маусым 2019, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.