Атырау, 19 сәуір 23:44
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Астаналықтар Көлгіновке қаланың шеткері аймақтарындағы проблемаларды айтты

2 156 просмотра

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанның шеткі бірнеше аудандардын аралап, тұрғындармен тілдесті. Бұл туралы әкім Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мемлекет басшысы елорданың шеткі аудандарының проблемасын шешу - бірінші кезекте тұрған маңызды мәселе екенін айтты. Бұл аумақтардағы халықтың өмірін жақсартуға арналған жоспар бар және ол сәтті жүзеге асып келеді. Дегенмен тұрғындармен кездесіп, сөйлесу барысында олардың күнделікті қажеттіліктеріне сай оны әлі де түзету қажеттігі туындап отыр", - деп жазған ол.

Узнать больше
Повторить

Ең алдымен Алтай Көлгінов Үркерге (Ильинка) ат басын бұрған.

"20 мыңнан астам тұрғыны бар бұл аудан көп жылдан бері қордаланған проблемалардың шешім тапқанын күтіп жүр екен. Тұрғындар жыл сайын көктемде көшелер мен үйлерді су басу мәселесін көтерді. Анықтасақ, Үркерде (Ильинка) кәрізді сорғы станциясы жұмыс істемейді екен. Соның салдарынан жергілікті балабақшаны да еріген қар суы басып қала береді.

Сонымен қатар, тұрғындар аудандық №69 мектеп-гимназиясындағы орын жетіспеушілігін де алға тартты. Бұл білім ордасы 1200 оқушыға есептелген болса, ал мұнда 2800 оқушы үш аусымда оқиды екен. Шатыр мен жылу жүйесін жөндеу қажет", - дейді Алтай Көлгінов.

Тағы бір проблема - осындағы жалғыз емханада мамандардың жетіспеушілігі екенін айтты. Себебі көптеген медицина мамандарының бұл ауданда баспанасы жоқ болғандықтан қаладан қатынап істеуі қиындық тудырады екен. 

Сондай-ақ, Байқоңыр ауданына кіретін "Өндіріс" тұрғын алабының тұрғындарымен де кездескен. Мұндағы халық саны 45 мыңнан асады екен. Олар да өздерінің күрмеулі мәселелерін ортаға салды.

"Мәселен, Кемеңгерұлы көшесіндегі апаттық жағдайдағы №21 үйдің 15 пәтер иесі тек 2022 жылы ғана көшіріледі. Алайда олар үйдің апаттық жағдайының қиындағанын алға тартып, белгіленген сүру мерзіміне дейін шыдас берер-бермесін айтып, өз қауіптерін де жасырмады.

Мұнда да тұрғындар көктемгі су деңгейінің көтеріліп, су басу жағдайларына шағымданды. Ауданның көпшілік аумағында әзірге жауын-шашындық, тазарту құрылғылары жоқ.

Ауданды қиылыстыратын теміржол өткелі де сын көтермейді. Малахов көшесіндегі әр 10-15 минут сайын жабылып отыратын өткелде үнемі машиналар ұзын-сонар шоғырға айналып, теміржолды кесіп өту үшін сағаттап тұрып қалады", - дейді Көлгінов.

Оған қоса жақын деген Герцен көшесіндегі аялдамаға жету үшін жергілікті тұрғындар теміржолды кесіп өтіп баруға мәжбүр екен. Сонымен қатар, тұрғындар автобус бағыттары мен қала орталығындағыдай жақсы аялдама павильондарының жетіспеушілігін де жеткізген. 

Ауданды қиылыстыратын теміржол өткелі де сын көтермейді. Малахов көшесіндегі әр 10-15 минут сайын жабылып отыратын өткелде үнемі машиналар ұзын-сонар шоғырға айналып, теміржолды кесіп өту үшін сағаттап тұрып қалады", - дейді Көлгінов.

Оған қоса жақын деген Герцен көшесіндегі аялдамаға жету үшін жергілікті тұрғындар теміржолды кесіп өтіп баруға мәжбүр екен. Сонымен қатар, тұрғындар автобус бағыттары мен қала орталығындағыдай жақсы аялдама павильондарының жетіспеушілігін де жеткізген. 

Дереккөз: tengrinews.kz

23 маусым 2019, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.