Атырау, 25 қаңтар 10:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

​ҰБТ-ның бірінші күні 3 500 түлек межеден аса алмады

2 563 рет қаралды


ҰБТ-ның бірінші күні 3 434 түлек межеден аса алмады. Бұл туралы ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші ағымына республика бойынша 12 772 мектеп түлегі қатысты, оның ішінде қазақ тілінде - 11 361, орыс тілінде - 1 411 адам. 20 маусымда ең жоғары балл 140-тың 137-ін жинады.

"Бес пән бойынша орташа балл 74,2 болды. Өту балынан асқан қатысушылар саны - 9 338, өтпеген қатысушылар саны - 3 434. Жалпы 13 068 түлек қатысады деп жоспарланған", - деді Әділет Тойбаев. 

Қатысушылардың жалпы санынан "математика - физика" комбинациясын 3  963 түлек (білім беру бағдарламаларының 25 тобы, негізінен білім саласы бойынша "6B07 инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары"), "химия - биология" комбинациясын - 2683 (білім беру бағдарламаларының 16 тобы, негізінен білім саласы бойынша "6B07 инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және 6B10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) таңдап алды. 

"Химия-физика" комбинациясын таңдағандар аз болған.  Айта кетейік, 20 маусымда Қазақстанда ҰБТ басталды. ҰБТ 20-30 маусым арасында өтеді. Биыл тестілеуге 117 242 адам қатысады. Нұр-Сұлтанда олардың саны - 6 274.

Дереккөз: tengrinews.kz

21 маусым 2019, 21:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.