Атырау, 9 қараша 03:08
 дождьВ Атырау +4
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

ҚР-да байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесін бөлек атап өту ұсынылуда

3 006 рет қаралды


Қазақстанда байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесін бөлек атап өту ұсынылуда, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» үкімет қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталмыш қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесі  келесі мазмұндағы 6-1 тармағымен толықтырылсын: «6-1. Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр»; 16 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «16. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні – 28 маусым», - делінген үкімет қаулысының жобасында.

Қолданыстағы мерекелік тізбе бойынша байланыс және ақпарат қызметкерлері кәсіби мерекелерін бір күнде 28 маусымда атап келген еді.

Қаулы жобасы 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Дереккөз: ҚазТАГ

21 маусым 2019, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.