Атырау, 22 наурыз 09:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Нұр-Сұлтан маңында ұшақ апатқа ұшырады

2 530 рет қаралды


Ақмола облысы Родина ауылының маңында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл мәліметті ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"20 маусымда шамамен сағат 10.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістікте химиялық өңдеу жүргізу кезінде АН-2 ұшағы апатқа ұшырады", - деді Нұрахметов. Ұшақ апатынан ұшқыш қаза тапқан, экипаждың екі мүшесі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 маусым 2019, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.