Атырау, 11 мамыр 07:57
 ашықВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Жомарт Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды

2 289 просмотра


Алматыда сот экс-банкир Жомарт Ертаевты қамау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Жомарт Ертаев 15 тамызға дейін қамауда отыратын болды. 

Мұның алдында хабарлағанымыздай, ҚР Бас прокуратурасының тергеу оперативтік тобының басшысы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты сот мерзімін кейінге шегеру туралы  сотқа өтініш түсірген болатын. Сот тергеу тобы басшысының өтінішін қанағаттандырды. 

Ж.Ертаев Интерполдың Ұлттық орталық бюросының тапсырысымен 15 наурызда Мәскеуде ұсталған болатын. Жомарт Ертаевпен бірге банктің 41 топ-менеджері мен жұмысшысы күдікке ілінген еді.  

Дереккөз: inform.kz

19 маусым 2019, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.