Атырау, 22 наурыз 09:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Тоқаев Нұр-Сұлтанның жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді

2 707 рет қаралды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Нұр-Сұлтан әкімі мемлекет басшысына елорданың негізгі әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштері мен бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы туралы айтты.

"Қасым-Жомарт Тоқаев астананы абаттандыру жұмыстарына тың серпін беруді тапсырды. Сонымен қатар, LRT құрылысындағы жағдайды мұқият зерттеу қажеттігін айтты", - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

Кездесу барысында Қазақстан президенті Нұр-Сұлтанның инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

18 маусым 2019, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.