Атырау, 25 сәуір 20:16
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстанда митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті

1 690 просмотра


Қазақстанда 9-11 маусым аралығында өткен митинг кезінде 300-ден аса полиция қызметкері дене жарақатын алды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, 9, 10, 11 маусым күндері өткен митинг кезінде зардап шеккен полицейлердің алтауы ауруханада ем қабылдауда. Бірінің жіліншігі сынған, енді бірі бас сүйек-ми жарақатын алған.

"Үш жүзден астам полиция қызметкері дене жарақатын алды. Олардың алтауы қазір госпитальде жатыр. Бұл цифрды біз бұған дейін жария етпеп едік, алғаш рет айтып тұрмын", - деді Тұрғымбаев үкімет кулуарында.

Ол тәртіп сақшылары наразылық шеруі кезінде көшеге шыққан адамдарға күш қолданбағанын атап өтті.

"Сіздер видеодан көрдіңіздер, адамдар полицейлерге шабуыл жасап, қалқанын теуіп, ұрып-соқты. Тас лақтырған, таяқпен, арматурамен ұрған", - деді министр.

Бұған дейін Бас прокуратура Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бірнеше күн болған заңсыз митинг кезінде 957 адамның ұсталғанын хабарлады. Олардың ішінде 670 адам қамауға алынған. 115 адамға айыппұл салынды, ал 172-сіне ескерту жасалған. Сот шешімімен 311 адам босатылды.

Кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босатуды тапсырды. Сондай-ақ ол наразылық білдіріп жатқандарды диалогқа шақырды. Осы мақсатта мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Алғашқы отырысы 2019 жылдың тамызында өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Тоқаев Қазақстанда азаматтардың көшеге шығып, наразылығын білдіруге рұқсат беретін арнайы заң қабылданатынын мәлімдеді.

Дереккөз: sputniknews.kz

18 маусым 2019, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.