Атырау, 9 қараша 03:16
 дождьВ Атырау +4.2
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Бейнежазба
2 753 рет қаралды


Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды.

Мысалы бұған дейін жоғары білімді, 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңгені құраса, 1 маусымнан бастап ол - 98 961 теңге болады. Осылайша, жалақы өсімі 17 130 теңге немесе 21% құрайды. Тағы бір мысал, 5 жыл жұмыс өтілі бар санаты жоқ арнайы орта білімі бар тәрбиешінің жалақысы бұрын 58 984 теңгені құраса, 1 маусымнан бастап 76 114 теңгеге көбейеді. Өсім - 17 130 теңге немесе 29%. Жалақыны арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллион азаматтық қызметшілерге қатысты.


Дереккөз: astanatv.kz

18 маусым 2019, 08:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.