Атырау, 29 наурыз 04:01
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Шпекбаев мемқызметшілердің іс-сапарлары жайында: Ең жақсы мейрамхана, қымбат сыйлықтар, монша және аң аулау

3 644 просмотра


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев шенеуніктердің көшпелі тексерулер мен іссапар барысында өрескел заңбұзушылықтарға жол беретінін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қымбат қонақ үй, астатөк дастархан, ысырапқа толы аң ауалау. Агенттік төрағасы өзінің facebook -тегі парақшасында еліміздің барлық өңірінде жоғарыдан келген басшыны осылай күтіп алу әдетке айналып бара жатқанын сынға алды.

«Өзімнің жаңа саладағы алғашқы постымда мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі - ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау қоса жүретін тамыр жайған, төмен құрылымдарды жаппай тексерулерге назар аудартқым келеді. Бұл проблеманың өткірлігі, әсіресе облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көптеген шағымдарымен расталады», - деп жазды Алиек Шпекбаев. Агенттік басшысы мұндай бассыздықтарды азайту үшін тексерулерді қашықтықтан бақылаумен ауыстыруға болатынын айтады. «Біз стандарттарына бой түзейтін ЭЫДҰ елдерінде мұндай мәселе жоқ, ешкім ешкімді қабылдамайды, ал тексерулер қашықтықтан бақылау есебінен жүзеге асырылады. Әрбір іссапар үшін тексерушілерге логистика, тұру және тамақтану шығындарын жабатын жеткілікті қаражат бөлінеді. Алайда, тексерушілер өңірлерге жол жүргенде, бөлінген қаражаттың тиынын да жұмсамауға айла табады. Бақылаушылардың тәбетін біле тұра, жергілікті басшылар басшылықты «тиісті деңгейде» қарсы алу үшін бизнесмендерге көмек сұрап жүгінеді. Мұндай көмек ешқашан тегін болмайды және әрі қарай шенеунік тарапынан ерекше қамқорлыққа айналады. Мұның бәрі қалай аяқталатынын еске салудың қажеті жоқ деп ойлаймын», - дейді Алик Шпекбаев. Жемқорлыққ бастайтын мұндай әрекеттерді адамдардың ұлттық дәстүрге телуі әділетсіз екенін айтады агенттік төрағасы. «Бұл ретте осындай мінез-құлықты ұлттық дәстүр мен шенге бас ұрушылық, басшылыққа көрсетілген құрмет таныту арқылы ақтауға тырысатын адамдар бар екені таңғалдырады. Менің ұстанымым, бірегей-кәсіби және инновациялық мемлекеттік аппарат үшін бұл мүлдем қолайсыз. Бұл тәжірибе мемлекеттік қызметтің негіз қалаушы қағидаларының беделін түсіреді және құнсыздандырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қарқынын жылдамдатады. Осыған байланысты өңірлік іссапарларға, түрлі конференциялар мен семинарларға шығатын барлық мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың басшыларына айтарым: жоғарыда айтылған барлық тәжірибе жұмыстан босатудан бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне дейін қатаң санкциялар көзделген өрескел бұзушылық болып табылады. Сол сияқты қабылдаушы тарапқа да қатысты», - деп жазды ол. Бұл мәселені жүйелі бақылауға алғанын ескерткен Алик Шпекбаев Үкіметке көшпелі тексерулерді қашықтықтан мониторингтеу арқылы оңтайландыру ұсынынлғанын айтады. «Бұл жұмысты сапалы жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттары маңызды рөл атқарады. Барлық қоғам белсенділері мен немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осындай фактілерге мұқият назар аудара отырып, бізді кез-келген ыңғайлы тәсілмен: менің поштама жазбаша түрде жүгіну alik.shpekbaev@gmail.com, әлеуметтік желілерде хабарлаумен немесе Агенттіктің 1424 колл-орталығына қоңырау шалып, хабардар етуге шақырамын», - деді агенттік басшысы.

Дереккөз: inform.kz

 

17 маусым 2019, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.