
А.Р. Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.
Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын.
55 жастағы Райымқұлованың кандидатурасын мәжілістің мәдени-әлеуметтік даму комитеті мақұлдады. Мәжіліске министрдің кандидатурасын премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.
Райымқұлова Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны "композиция және фортепиано" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016 жылдың қыркүйегінен бері мәдениет және спорт министрінің орынбасары болған. Бұл министрлікті Арыстанбек Мұхамедиұлы басқарды.
В Атырау 0