Атырау, 24 сәуір 11:53
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Бақыт Сұлтанов жаңа министрлікті басқарады

2 576 просмотра


Мәжілісте сауда және интеграция министрі лауазымына Бақыт Сұлтановтың кандидатурасы келісілді, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.

Мәжілісте экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өтті. Үкімет басшысының тапсырмасымен Сұлтановтың кандидатурасын депутаттардың қарауына премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев ұсынды.

"Бақыт Сұлтановтың мол тәжірибесі бар және қажетті басқару қабілеттеріне ие", - деді ол.

Талқылаудан кейін сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылған Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың кандидатурасы келісіліп, комитеттің қорытындысы қабылданды.

Сұлтанов 2018 жылдың 11 қыркүйегі мен 2019 жылдың 13 маусымына дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметін атқарған болатын. Оның орнына Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов тағайындалды.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

17 маусым 2019, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.