Атырау, 16 шілде 11:25
Күндіз ашық+31, кешке +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 383.43  € 432.47  P 6.12

Тоқаев Ресей Қазақстан үшін неге маңызды екенін айтты

17 маусым 11:31


Қазақстан мен Ресейді құрлық бойынша әлемдегі ең ұзын шекара байланыстырады. Тоқаев осы себепті өзінің алғашқы шетелдік сапарын Ресейден бастағанын айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews –ке берген сұқбатында Ресеймен қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселесіне тоқталды.

Президент өз қызметіне кіріскеннен кейін екі аптадан соң неге Ресейге барғанын айтты.

"Өзімнің алғашқы шетелдік сапарымды Ресейден бастауым орынды деп ойлаймын. Мұнда мені Ресей президенті шақырған болатын. Бізді құрлық бойынша әлемдегі ең ұзын шекара байланыстырып әрі бөліп тұр", - деді Тоқаев Euronews-ке.

Ол Мәскеуде маңызды келіссөздер жүргізілгенін атап өтті.

"Біз бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Сіз айтқандай қандай да бір кепілдікке байланысты Ресей президенті тарапынан талап қойылған жоқ. Өйткені әріптестікті нығайтудың ортақ түсінігі бар. Мен Қазақстан үшін Ресей маңызды серіктес деп ойлаймын. Өйткені үлкен мемлекет, біздің көршіміз, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Алайда Ресей де Қазақстансыз басқаша болады деп ойлаймын", - деді президент.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурыз күні мемлекет басшысы қызметіне кіріскен болатын.

Сәуір айының басында ресми сапармен Ресейге барды.

9 маусым күні Қазақстанда президент сайлауы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақстандықтардың 70,96%-і қолдады.

Сайлаудан кейінгі бірінші баспасөз мәслихатында Тоқаев Қазақстан Ресеймен әріптестікті нығайтуды жалғастыратынын айтқан болатын.

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

364 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4