Атырау, 16 шілде 11:27
Күндіз ашық+31, кешке +25
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 383.43  € 432.47  P 6.12

Төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады

17 маусым 11:11


Қазақстанда бензин өндірісі бір жылда 9% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қазақстанда биыл алғашқы төрт айда 1,2 млн тонна бензин өндірілді. Бұл былтырдың осы кезеңімен салыстырғанда 9% артық. Дизель отынын өндіру көлемі 10,3% өсіп, 1,6 млн тоннаға жетті», - делінген хабарламада. 

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары елдегі бензинге деген сұраныстың 98,2%-ын, дизель отынына деген сұраныстың 93,1%-ын қамтамасыз етіп отыр. Жылдық бензин импорты 94% қысқарып, 16,7 мың тоннаны құрады. Ал экспорт бір жылда 11,2 есе артқанмен, оның көлемі әзірге 665,9 тонна ғана. 

Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов шілде айында Қырғызстанға Қазақстан бензинінің алғашқы тоннасы жеткізілмек. Биыл мамыр айында елімізде ең сұраныс жоғары АИ-92 бензинінің жылдық бағасы 6,9% - 1 литріне 147,6 теңгеге дейін арзандады. АИ-95/96 бензинінің бағасы 3,8% - 1 литріне 168,6 теңгеге дейін; АИ-98 бензинінің бағасы - 3,4% - 1 литріне 185,9 теңгеге дейін төмендеген. «Қазақстанда қазіргі таңда АИ-92 және АИ-95 бензиндерінің профициті байқалып отыр. Бұл мұнайшылар үшін жағымды жаңалық болмаса да, халық үшін жақсы», - дейді энергетика министрі Қанат Бозымбаев. 

Energyprom.kz-тің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында, Теректі ауданының Алғабас кентінің жанында Қазақстандағы төртінші МӨЗ салу жоспарланып отыр. Жоба құны - 420 млн АҚШ доллар. Жаңа МӨЗ шикізатты Қарашығанақ кен орнынан алады. Инвесторлар жаңа зауытты екі жылда салып, 2020 жылдың аяғына дейін іске қоспақ.  

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

958 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4