Атырау, 25 сәуір 16:06
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

2 179 просмотра


Мәжіліс төрағасы бірлескен отырысты 20 маусымға белгіледі.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.  

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2019 жылдың 20 маусымында сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкімде.  

Айта кетейік, Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысына дәстүрлі түрде ел президенті қатысады. 

Естеріңізге сала кетейік, 9 маусымда Қазақстан президенті сайлауында 70,96% дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 12 маусымда Нұр-Сұлтанда өтті. Сайлаудан кейін Тоқаев үкімет отставкаға кетпейтінін, алайда кадрлық ауыс-түйіс болатынын мәлімдеді.    

Дереккөз: sputniknews.kz

17 маусым 2019, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.