Атырау, 29 наурыз 16:03
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тоқаев қазақстандықтарды медицина қызметкері күнімен құттықтады

2 792 просмотра


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау саласының мамандарын Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Дәрігерлердің кәсібилігі, антқа адалдығы мен жылы жүрегі адамның тәнін ғана емес, жанын да емдейді. Ақ халатты абзал жандарға мықты денсаулық, мол табыс тілеймін!", - деп жазды Президент.  

Медицина қызметкерлерінің күні жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстанда атап өтіледі. Оны тойлау Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1998 жылы белгіленген.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 маусым 2019, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.