Атырау, 2 мамыр 02:59
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Қазақстанда сапаны қадағалайтын тәуелсіз орган құрылады

2 041 просмотра


ҚР Қаржы министрлігі аудиторлық қызмет саласында тәуелсіз қадағалаушы орган құруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапаны қадағалайтын тәуелсіз орган құру мәселесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Англия мен Уэльстің алқабилер институтының (бұдан әрі - ICAEW) өкілдерімен кездесу барысында талқыланған. Аталған органның кәсіподақ ұйымының құрамына Қазақстан Республикасының 5 аудиторлар палатасы, ҚР Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің, KASE, АХҚО, аудиттелген субьектілер мен акдемиялық ортаның өкілдерін қосу ұсынылды. ҚР Қаржы министрлігі бірнеше жыл бойы сапаны тәуелсіз бақылаумен қадағалау органын құру қажеттілігі мәселесін пысықтауда. ҚР Қаржы министрлігінде өткен кездесуде ICAEW өкілдері өзге елдердің уәкілетті органдармен ынтымақтастық орнату бойынша тәжірибиелерімен бөлісті, сондай-ақ АСА сертификаттау моделін таныстырды. Айта кетейік, ҚР Қаржы министрлігі аудиторлық қызметтер нарығында қалыптасқан жағдайды шешу мақсатында және халықаралық тәжірибе негізінде аудиторлық қызмет саласында тәуелсіз қадағалау орган (Кәсіби кеңес) құруды бұрыннан жоспарлаған болатын.  

Дереккөз: inform.kz

16 маусым 2019, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.