Атырау, 17 қыркүйек 10:40
 дождьВ Атырау +18.8
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

Динара Сәдуақасова Азияның үздік шахматшысы атанды

2 454 рет қаралды


Қазақ шахматшысы Динара Сәдуақасова Азия чемпионаты кубогын жеңіп алып, құрылықтың үздік шахматшысы атанды.

Біріншілік Қытайдың Синтай қаласында 6-16 маусым аралығында өткен. Динара 15 елден келген 36 қарсыласын басып озып, 9 ұпайдың 7,5-ін еншіледі, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

"Динараны жеңісімен құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен жаңа белестерге жетелейтін шабыт тілейміз", - деп федерация 23 жастағы спортшыны құттықтады.

Азия біріншілігінде жеңіске жеткен Динара Сәдуақасова Әлем кубогының іріктеу кезеңінен өтті.

Атап өтсек, республика намысын бұл турнирде үш шахматшы қорғады: Ринат Жұмабаев, Динара Сәдуақасова, Гүлмира Дәулетова. Жарыстың жүлде қоры – 80 мың доллар.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 маусым 2019, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.