Атырау, 23 желтоқсан 22:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматы облысында жолаушылар автобусы көпірден құлады

2 813 рет қаралды


Алматы облысының Талғар ауданындағы Кеңдала ауылының маңында автобус аударылды. Ол үлкен Алматы каналына түскен. Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.

Жолаушылар Талғардан Алматыға бара жатқан. Ішінде екі бала мен жүргізушімен бірге алты ересек адам болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, апатқа көліктің дөңгелегіндегі ақау себеп болған, деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Жол апаты түскі сағат үш кезінде Талғар – Алматы жолында болды. Автобус жүргізушісі - 56 жастағы ер адам. Апат салдарынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Барлық жолаушыны дәрігерлер тексерді", - деп хабарлады облыстық полиция.

Оқиға бойынша тиісті тексеріс жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 маусым 2019, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.